Caravan Logo

Еліміздің оңтүстігінде 45 градусқа дейін ыстық болады

Еліміздің оңтүстігінде 45 градусқа дейін ыстық болады

Республиканың батысы мен солтүстігінде фронттардың өтуіне байланысты ауа температурасы нормаға жақын және төмен болады деп күтілуде. Ал қалған аумақта ауа температурасы климаттық нормадан 4-7ºС жоғары болады.

Қазақстанның оңтүстігінде, алдағы тәуліктерде өте ыстық болады, мұнда күндіз ауа температурасы 33-39ºС, кей жерлерде 40-45ºС болады деп болжануда.