Еліміздің оңтүстігінде де 30-35 градусқа дейін аяз болады

Бүгін антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек батыста аздаған жауын-шашын түсуі мүмкін. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман басады, жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы мүмкін, жел 15-23 м/с күшейеді, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

Маңғыстау, Павлодар, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.


24-29 қаңтар аралығында Алматы, Жамбыл облыстарында, 26-29 қаңтар аралығында Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында түнде 15-20, кей жерлерде 25-30 градус аяз болады, кей жерлерде ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр.