Еліміздің оңтүстігінде де қытайлардың қаптап жүргені рас екен

Акциясының 50 пайызы отандық компанияға, ал екінші жартысы қытайлықтарға тиесілі болса да, зауыттағы жұмысшылардың көбі Қытайдан келіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Мұның себебін кәсіпорын басшыларынан сұрап, тұщымды жауап ала алмаған министр мен әкім мұнай зауытына ескерту жасады. Сондай-ақ, 3 миллионға жуық тұрғыны бар аймақтан қарапайым қазақ жұмысшыларын таппай да, тартпай да жүргендерге шүйліккен шенеуніктер осы олқылықтың орнын толтыруды тапсырды.

"Бұл зауыт ары қарай да жұмыс жасай береді. Жаңарып, қуаттылығы да артып жатыр. Сондықтан, бұл өндіріс орнында басқарушы және инженерлік-техникалық қазақ кадрлары болуы керек. Құлақтарыңызға алтын сырға, жергілікті мамандарды жұмысқа көптеп тартып, оларға осы істің қыр-сырын үйретіңіздер. Бұл біз үшін өте маңызды" дейді Жансейіт Түймебаев.