Еліміздің оңтүстігінде екі автокөліктің аударылуы салдарынан 11 адам зардап шекті

Жамбыл облысының Байзақ ауданында Алматы-Ташкент тас жолының 485-шақырымында "ГАЗ-31029" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен бес жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.

Қызылорда облысының Шиелі ауданында Самара-Шымкент тас жолының 1933-шақырымында "Мерседес" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Соның салдарынан жүргізуші мен төрт жолаушы, соның ішінде 3 және 7 жастағы екі бала ауруханаға түсті.