Еліміздің оңтүстігінде Қырғызстаннан есірткі тасымалдайтын қылмыстық топ мүшелері құрықталды

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, шұғыл-іздестіру шаралары барысында топтың жетекшісі және мен топ мүшелері қолға түскен.

«Топтың құрамындағы бес адам Меркі ауданында, екеуі Тараз қаласында тұрады. Олардың Алматы мен Алматы облысында таныстары бар көрінеді.

Топқа қатысушылар «клиенттердің» тапсырысы бойынша есірткінің кез-келген түрін жеткізіп отырған», - деді ІІД бастығының бірінші орынбасары Арманбек Баймурзин, делінген хабарламада.

5-наурыз күні таңғы сағат сегізде облыстық Есірткі бизнесіне қарсы күрес, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармалары мен «Арлан» жасағы жеті қылмыскерді құрықтау операциясын жүргізді. Олардың тұрғылықты жерін тінту барысында 4 келіден астам гашиш, 50 келіге жуық марихуана, қолдан жасалған тапанша мен гашин дайындайтын құралдар табылды.


Қылмыстық топ уақытша тергеу изоляторына тоғытылып, олардың үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалды.