Еліміздің оңтүстік өңірлері мен Павлодар облысында 457 мың гектар алқаптан түсім жиналды

Күн райының қолайсыздығына байланысты биылғы орақ науқанының күнтізбелік жоспары кешеуілдеп отыр. Айталық, 2002-жылғы 4-тамызда егістік алқаптарының 35,7 процентіне орақ түсіп, 1158,5 мың тонна астық жиналған . Ал өткен жылғы орташа түсім әрбір гектардан 19,3 центнерге жеткен болатын.