Хабарламаға сүйенсек, жауын-шашынға байланысты қаңтардың 31-і мен ақпанның 3-і аралығында Алматы облысы аумағындағы тауларда қар көшкіні қаупі туындап отыр.
Соған байланысты мамандар Алматы қаласы тұрғындары мен шаһар қонақтарын тауға шықпауға және қауіпсіздік мәселесін ойластыруға шақырады.