Еліміздің орталығында жер сілкінді


Жексенбіге қараған түні болған тербеліс ошағы Жезқазған қаласының солтүстік-шығысында 230 шақырым жерде, Қарағанды қаласынан 266 шақырым жерде орналасқан.

Бұл туралы Геофизикалық зерттеулер институтының Сейсмологиялық мәліметтерді жинау және өңдеу орталығы хабарлады.
Қарағандыда жер сілкінісі өте сирек болады. Оның бірі 2014 жылы маусым айында болған-ды. Тербеліс күші 4-5 балға дейін жетті.