Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.
Атап айтқанда, Алматы облысы бойынша ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты "Алматы-Өскемен" жолының 558-615 шақырымындағы "Рубеж бекеті- Шығыс Қазақстан облысы шекарасы" қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін жолға шығуға тыйым салынған еді. Бүгін сағат 07:00 бастап жол ашылды.
Ал Жамбыл облысы аумағында да 18 желтоқсанда дизель отынымен жүретін автокөліктің қозғалысына мына автожолдарға шектеу қойылды: сағат 20:15 бастап "Екатеринбор-Алматы" жолының 2005-2130 шақырамындағы "Карағанды обл шекара-Шыганақ ауылы" аралығында; сағат 22:00 бері «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 393-160 шақырымында шектеу енгізілген болатын. Бүгін таңертеңнен бастап бұл жолдарда көлік қозғалысы жанданды.
Қарағанды облысы бойынша кеше сағат 19:00-дeн бастап аязға байланысты Қарағанды облысы бойынша барлық бағыттарда автокөліктің қоғамдық, жүк және дизель отынымен жүретін автокөліктің жолға шығуына тыйым салынды. 19 желтоқсанда сағат 07.30 бастап жолдар ашылды.
Бұдан бөлек кеше ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Павлодар облысы бойынша барлық бағыттарда автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылған еді. Бүгін сағат 07.30 бастап бензинмен жүретін автокөліктер үшін ғана жол ашылды.
18 желтоқсанда сағат 17:00-дeн бастап ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктің жолдағы қозғалысына шектеу қойылды болатын. 19 желтоқсанда таңертең сағат 07.30 бастап жолдардағы көлік қозғалысы жанданды.