Еліміздің сайлау туралы заңына бір өзгеріс енгізіледі

Аталған Заң туралы баяндаманы ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жасады.

«Сіздердің назарларыңызға жалпыға бірдей декларациялау бойынша заң жобасымен тығыз байланыстыру мақсатында әзірленген «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР-дың Конституциялық Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» конституциялық заң жобасы ұсынылып отыр. Заң жобасымен сайланбалы лауазымға үміткер болып табылатын адамдар ұсынатын декларацияның атауын  «табыстар мен мүлкі туралы декларация» дегеннен «активтері мен міндеттемелері туралы декаларция» деп ауыстыру бөлігінде өзгерістер көзделген. Бұл бір ғана өзгерту», - деді Б.Сұлтанов.