Еліміздің шығыс бөлігіндегі бірнеше ауыл жарықсыз қалды

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Кеше сағат 00:00 шамасында Қапанбұлақ, Егінбұлақ, Қызылжұлдыз сияқты ауылдарда электр жүйесіндегі апатқа байланысты барлығы 260 үйде жарық сөніп қалған. ВК РЭК АҚ қоғамының 1 техникасы және 8 адамы қалпына келтіру жұмыстарымен айналысты. Бүгін жұмыстар жалғасуда, - деп хабарлайды 
http://24.kz/kz
.