Еліміздің СІМ Қытайдағы қандастарға не үшін көмектесе алмайтындарын айтты

Вице-министр екі ел арасындағы саяси және экономикалық ықпалдастықтың маңыздылығын тілге тиек ете отырып, Қазақстан билігі этникалық қазақтардың мәселесіне келгенде қауқарсыз екенін ашып айтты. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының мақаласы «Егемен Қазақстан» басылымының сайтында жарияланды, деп жазды kznews.kz сайты.

Қазақстан мен Қытай қа­тынас­тарының соңғы жылдары қарқынды дамуына қызғанышпен қарайтын «үшінші күштердің» де белсенді жұмыс істеп жатқанын естен шығармау керек, дейді вице-министр. Оның айтуынша, соңғы жылдары Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданындағы ахуалға қатысты түрлі ақпараттың таралуына байланысты Қытайда тұра­тын қандастардың жағдайы өзекті мәселеге айналған.

«Ресми деректерге сүйенетін болсақ, ҚХР аумағында 1,6 млн қазақ тұрады. Олардың барлығы – Қытай Халық Рес­публикасының азаматтары. Арасында түрлі заң бұзушылық үшін сот шешімімен түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айы­рылған кісілер де бар.