Еліміздің солтүстігінде 878 адам қар құрсаудан босатылды

Министрліктің хабарлауынша, желдің жылдамдығы секундына 18-23, кей жерлерде секундына 25-28 метрге жетті. Боранның зардаптарын жойып, адамдар мен техниканы көшіруге барлығы 369 адам мен 173 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 42 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылды.

28-наурыздағы жағдаймен Ақтөбе-Орск, Ақтөбе-Хромтау, Қандыагаш-Эмба-Шалқар (Ақтөбе облысы ) және Қостанай-Арқалық (Қостанай облысы) автотораптарын қоспағанда, республикалық маңызы бар барлық жолдар ашық тұр.
"Қазгидромет" РМК-ның болжамы бойынша 28-наурызда Астанада жылдамдығы оңтүстік батыстан секундына 18 метрге жететін боран соғады.