Еліміздің солтүстік бөлігінде күн райы шұғыл бұзылады деп күтілуде

Сондай-ақ, Ақмола облысында да ауаның температурасы Цельс өлшемі бойынша 12-17 градусқа дейін суытады, кей жерлерде тіпті 22 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде қарлы бұрқасын соғып, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында түнде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында түнде кей жерлерде қалың қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Жылдамдығы 18 м/секундтық солтүстік желі соғады.