Еліміздің солтүстік өңірінде 2 градусқа дейін күн суытады - Қазгидромет


Көптеген жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде күн райы ашық болады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Атырау облысында шаңды бұрқасын болады. 

Ақмола облысының кей бөліктерінде тұман түсіп, жел күшейеді - 15-20 м/с.

Қостанай облысында түнде тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады. Ал Солтүстік Қазақстан облысында кей аймақтарында тұман түсіп, түнде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Сондай-ақ осы өңірде түнде 0-2 градусқа дейін суық болады, деп күтілуде.

Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында күн қатты ысиды.