Күн райын қадағалаушылардың болжамына сәйкес, 31-тамыз бен 1-қыркүйекте Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 31-тамыз бен 1-2 -қыркүйекте Қарағанды және Павлодар облыстарында түнде 0- минус 1 градусқа дейін күн суытады деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысында сынап бағанасы 2-қыркүйекте минус 2 градусқа дейін төмендемек.
Ал 31-тамызда Астанада топырақтың беткі қабатында қатқақ болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті