"Өнім мөлшері жыл өткен сайын азайып келеді",- деді Л.Худова. "Егер 2000-жылы өнім мөлшері 40 млрд. теңгені құраса, 2005-жылдың аяғында бұл көлем 32 млрд. теңгеден асты. 2006-жылдың алғашқы жартысында да өнім мөлшері азая түсті",- деді ол.
Өнім мөлшерінің азаюына көлеңкелі экономика - басты себеп. "Тауардың басым бөлігі контрабандалық жолмен елге келеді. Жасырын өндірілетін және қолдан жасалатын жалған өнімдер де еліміздегі көлеңкелі экономиканың үлес салмағын арттыра түсуде",- деді Л.Худова. Қауымдастық төрайымының атап көрсетуінше, "еліміздегі тоқыма және тігін өнеркәсібінің үлесі 8 проценттен аспайды. Бұл - өнім мөлшері кез-келген мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі деңгейінен де төмен екендігін көрсетеді". "Отандық өндіріс ауқымы 30 процентті құраған жағдайда экономикалық қауіпсіздіктің төменгі шегі деп санайды",- деді Л.Худова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті