Caravan Logo

Еліміздің үш облысында бірқатар жолдар жабылды

Еліміздің үш облысында бірқатар жолдар жабылды


Бүгін, 4.01.2017 жылы Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты мына бағыттар бойынша барлық автокөліктерге жол жабық, деп хабарлады 24.кз.  

1. Астана-Петропавл, 18-231 шақырым, Астанадан Щучинскке дейін;

2. Жезқазған-Петропавл, 377-536 шақырым, Қостанай облысынан Бұзлыққа дейін;

3. Жезқазған-Петропавл, 552-595 шақырым, Сұрғаннан СҚО шекарасына дейін. Қарағанды облысында Екатеринбург-Алматы тас жолының 1353-1424 шақырымы, Ақмола облысынан Теміртауға дейінгі аумақ барлық көлік түрлеріне жабық. Қостанай облысында Жезқазған-Петропавл тас жолының 252-377 шақырымы, Қарағанды облысынан Ақмола облысына дейінгі аумақ барлық автокөлік түрлеріне жабық.