Еліміздің жекелеген аудандары әкімдерінің сынақ түріндегі сайлауы аяқталды

Аудандық мәслихат депутаттарының алдын-ала дауыс беру қорытындысы бойынша Алматы облысының Ескелді ауданында Сұлтан Дүйсенбинов, Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында Баянды Қожамбетов, Батыс Қазақстан облысының Жаңғала ауданында Төлеген Мерғалиев, Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында Төлеген Закарьянов әкім болып сайланды.