Өйткені, әуе тасымалдаушылары сапа мен қауіпсіздікті бағалайтын халықаралық ұйымның сертификатын алмаған. Мұндай тыйымға қарамастан жолаушы тасымалын әлі тоқтатпаған әуе компанияларына 31-ші желтоқсанға дейін уақыт берілген еді. Бірақ біреуі де халықаралық әуе тасымалдаушылар қауымдастығымен сол күйі келісімге келмеген. Авиация комитеті бұл тасымалдаушылардың тексерістен қорқып отырғанын айтып отыр. Ал, дауға қалған әуе компаниялары ұшуға салынған тыйымның заңсыз екенін алға тартып, Инвеститция және даму министрлігін сотқа беріп қойған. Айтуларынша, құны 20 миллион теңгеден асатын сертификатты алуды талап еткен министрлік басқа әуе тасымалдаушыларына лобби жасап отыр.
Loading...