Қаңтардың қақаған суығы ертең басталады. 22-сі мен 24-і аралығында бүкіл солтүстік өңір мен Орталық және Шығыс Қазақстан облыстарында қар жауып, боран соғады. Одан әрі қызылшұнақ аязға ұласып, ауа температурасы минус 27, кей жерлерде 38 градусқа дейін төмендейді. Батыс пен оңтүстікте де жағдай мәз болмайын деп тұр. Бұл аймақтарда 25, кей жерлерде 34 градусқа дейін аяз түседі деп күтілуде.
Loading...