Елімізге -41 градустық аяз келе жатыр

Апта соңында кейбір өңірлерде сынап бағамы тіпті -41 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Бүгіннің өзінде Солтүстік пен Шығыс Қазақстанда боран басталған. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Ал Оңтүстікте тұман түсіп, жолдар көктайғаққа айналып жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі осы аймақтың жүргізушілері үшін апта соңына дейін алыс сапараға шықпауға кеңес беріп отыр. Синоптиктерге сенсек, аяздың беті қаңтардың 27-сінен кейін қайтуы тиіс.

Раушан Қалманбаева, «Қазгидромет» РМК Ақмола облысы бойынша филиалының синоптигі:

-Ауа температурасының төмендеуі батыстан келген антициклонмен байланысты. Алдағы күндері қалың қар түсіп,жел тұрады. Қаңтардың 23-і аяз күшіне мінеді. 30-35 кей жерлерде ауауның температурасы 38-41 градусқа дейін төмендейді. 

Loading...