Елімізге ескі көлікті әкелуге рұқсат етілді

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ескі темір тұлпар импортына қойылған шектеудің алынып тасталғаны көптеген автожүргізушілерді қуантты. Ендігіде Қазақстан, Ресей және Белорусь жеріндегі кез-келген азамат енді экологиялық «еуро» стандартына қарамастан қалтасын қақпайтын көлік тізгініне еркін отырып, өз атына тіркей алады. Яғни бұрынғыдай 4 жылдан ескі болмауы керек деген шарт жоқ. Мейлі 40 жыл бұрынғы болса да осы үш елдің кеденінен еркін өтеді.

Ғалымжан Дұғалов, Техникалық реттеу және метрология комитет төрағасының орынбасары:

-Техникалық регламент осы айдың басынан бастап күшіне енді. Оның талаптары басқаша бұрынғыға қарағанда. Ескі сертификатта өндіруші зауыт пен бірнеше техникалық параметрлер көрсетілсе, қазір қозғалтқыш пен вин-код та жазылмақ.

Техникалық реттеу және метрология комиетінің хабарлауынша жаңа талаптың тек рөлі оң жақта орналасқан көліктерге қатысы жоқ. Ал экологиялық класстың талаптары одаққа мүше емес елдерге ғана қолданылмақ. Ол бойынша енді Еуразиялық одақ аумағына 2007 жылдан жаңа, кемінде бір шеткі қауіпсіздік қондырғысы қойылған және балалар орындығын бекіту жүйесі қарастырылған көліктер кіргізіледі.

Жаңа жылда күшіне енген Еуразиялық экономикалық одақтың келісімі бойынша, сондай-ақ сатып алынған көліктерге қосымша құн салығы салынбайды. Қазақстанда бұған дейін ол 13 пайызды, ал Ресейде 16 пайызды құраған.

Эдуард Эдоков, Тәуелсіз көлік жүргізушілері одағының төрағасы:

Өзгерістерге байланысты қазақстандықтар өздері мініп жүрген көлікке қарағанда жаңасын алуға тырысады. Ол үшін жағдай жасалып-ақ отыр. Ал отандық автосалондарға бұл жақсы сабақ болады. Себебі олар бағаны шарықтатып жіберген. Енді барлық сатып алушылар таңдауға мүмкіндік бар, бағасы арзандау Ресейдегі көліктерге тоқтам жасайды.

Ал Қырғызстан мен Армения одаққа енді кіргендіктен бұл ереже оларға қатысты 3 жылдан соң ғана күшіне енбек. Айта кетерлігі қазір Қазақстан аумағына қызыл-сары түсті қырғыз нөмірлі 300 мың көлік кіріп үлгерген. Үздіксіз рейдтер ұйымдастырылғанмен отандастарымыз арзанға алынған қырғыз көліктерінен бас тартпай келеді.

-Қазірдің өзінде елімізде 4 миллионнан астам темір тұлпар тіркелген. Оның басым бөлігінің тозығы жетіп тұр. Қоршаған ортаға шығарылатын қалдықтардың 60 пайызы Германия, Жапония және Оңтүстік Кореяның жарамсыз деп ысырып тастаған қирандыларыларынан бөлінетін көрінеді. Бұл көрсеткіш соңғы өздгерістерге байланысты енді өсе түсетін сыңайлы. 

Loading...