Елімізге Италияның еңбек одағының өкілдері келді

Өкілдерді ұйымның бас хатшысы Луиджи Анджелетти басқарады.

Италияның еңбек одағының өкілдері Алматы мен Астанада кәсіподақ ұйымдарының белсенділерімен кездесіп, ҚР мәдениет, ақпарат және спорт, сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау министрлігінде болады.
28-маусымда Астанада Қазақстанның кәсіподақ ұйымдары федерациясының жетекшілері Италияның еңбек одағының өкілдерімен келіссөздер жүргізеді. Келіссөздер барысында еңбеккерлер құқығын қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту проблемалары талқыланады.
Қазақстанның кәсіподақ ұйымдары федерациясының жетекшілері мен Италияның еңбек одағы арасында достық байланыс туралы хаттамаға қол қойылады.
Бұл одақ Италиядағы ең ірі кәсіподақ орталығы болып табылады.