Елімізге отаншыл әрі саяси бейтарап кәсіби мамандардан құралған мемлекеттік аппарат қажет - Елбасы

Елбасының пайымдауынша, "ондай болмаған жағдайда еліміздегі экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды құрдымға жіберу қаупі бар". Сол себепті президенттің пікірінше, "әкімшілік реформа - алдағы өзгерістер мен жаңартулардың катализаторына айналуы тиіс".

Осыған байланысты Н.Назарбаев мелмекеттік қызметкерлердің алдына бірқатар міндеттер қойды. "Таяудағы маңызды мақсаттардың бірі мемлекеттік қызметті ұсынудың халықаралық стандарттарына көшуге саяды",- деді президент. Осыған сәйкес Елбасы үкіметке "2005-жылдың соңына дейін барлық деңгейлі мемлекеттік мекемелерді толықтай компьютермен жабдықтауды, оларды электронды поштаға қосып, электрондық үкімет жүйесін қолданысқа енгізуді, әкімшілік процедураларды компьютерлік жүйеге жаппай біріктіруді " тапсырды. Елбасы мемлекеттік қызметкерлерге "компьютерді меңгеруге және ағылшын тілін үйренуге " баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет басшысы "мемлекеттік қызметкерлерге жедел мониторинг жүргізіп, тиімді резерв құруға мүмкіндік беретін кадрларды басқарудың ақпараттық жүйесін енгізу" жөнінде тапсырма берді.
Сондай-ақ, Н.Назарбаев республикалық кеңеске қатысушыларға арнаған өз сөзінде "түрлі сылтауларды алға тартып мемлекеттік мекемелердің санын арттыруға талпынуды доғарыңыздар",- деп шегеледі.