Елімізге ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьер-министрінің орынбасары жұмыс сапарымен келеді

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, У И-дің сапары Ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай комитетінің екінші мәжілісіне қатысу аясында өткелі отыр. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қодл қойылады.

Сапар барысында ол үкімет басшысы Даниал Ахметовпен, вице-премьер Ахметжан Есімовпен кездеседі деп күтілуде.
Сондай-ақ, Қытай вице-премьерінің Қазақстан-Қытай кәсіпкерлері одағының екінші мәжілісі мен бизнес-форум жұмысына қатысуы жоспарланып отыр.