Елімізге қыс қайта келді


Мәселен табиғаттың тосын мінезі шымкенттіктерді таңғалдырды. Сынап бағасы +25 градусты көрсетіп, өрік пен алма ағашы бүршік атып, гүлдер жайқала бастаған сәтте қалың қардың түсуі шынымен де, тұрғындар үшін тосын құбылыс. Енді қар астында қалған жеміс-жидектің жарытып өнім беруі екіталай. Ал Петропавлда түні бойы жауған жауынның арты қарға ұласты. Өңірге бір апталық қар түскен. Дәл осындай жағдай Астананы да айналып өткен жоқ. Елордалықтар  жылы киімдерін қайта шығаруға мәжбүр болды. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде күн жаңбырлы болып күшті жел тұрады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Тек күн  алдағы аптада ғана жыли бастамақшы.