Елімізге ресми сапармен Болгария вице-премьері - сыртқы істер министрі келеді



Е.Ашықбавевтың айтуынша, сапар барысында екі ел арасындағы құқықтық-шарт базасын кеңейту, қазақ-болгар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның 3-ші отырысын өткізу, Қазақстан мен Болгарияның өңірлері арасында, туризм саласында тікелей серіктестік байланыстар орнату, энергетика мен көлік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

"4 қыркүйекте осы сапар аясында қазақ-болгар іскер топ өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырылады",- деді СІМ өкілі.