Байқауға түскен шығармалардың ішінен 12 шығарма іріктеліп алынды, деп хабарлады «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорынан.
Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені Қанат Әбілқайыр «Қарға тамыр» әңгімесімен жеңіп алса, Мұрат Алмасбекұлы - «Үш бейіт» шығармасымен бірінші орынды иеленді. Екінші орынды: Ұлан Бапай («Алтайдан биік асқар бар») мен Мейіржан Әуелханұлы «Арыстан көл» әңгімесімен жеңіп алды. Үшінші орынды үш адам бөлісті. Олар: Айгерiм Амалбеkова - «Еліне ұран болған Ер Жәнібек»(әңгіме); Бақытбек Қадырұлы - «Кері түс»(әңгіме); Сарқытқан Қастер - «Ер Жәнібек көзіндей ескі сандық»(эссе).
«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырып отырған прозалық шығармалар бәйгесінің қазылар алқасында қазақтың белгілі жазушылары мен ақындары, мемлекет қайраткерлері бар.