Рәсім кезінде Елші Е. Қазыханов Жоғары Мәртебеліге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін табыс етті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Сұхбат барысында Қазақстан елшісі екіжақты саяси, экономикалық, білім беру және мәдени қарым-қатынастардың дамуының жоғары қарқынын атап өтті. Бұған көбінесе Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасында жоғары деңгейде қол жеткізілген стратегиялық серіктестік жөніндегі уағдаластықтар септігін тигізуде.
Өз кезегінде, Патшайым Елизавета ІІ екі ел арасындағы байланыстарды нығайтудың және кеңейтудің маңыздылығына тоқталды. Ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті.
Патшайым Е. Қазыхановты жауапты миссиясымен құттықтап, оған жаңа қызметте сәттілік тіледі.