Елміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады .

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыс облыстарында кей уақытта 30 м/с аса күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді.


Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 17-22 м/с, екпіні 28 м/с күшейеді.