Елорда автобустары таңға дейін жұмыс істейтін болады

Оның айтуынша, алдымен автобус жүргізушілері мәселесін шешу қажет. Қазір қала бойынша 1500 маман тапшы. Осы мақсатта биыл мамырда елорда автопаркі жаңа 380 қоғамдық көлікпен толығады. Жоспар ойдағыдай жүзеге асса, әлем мегаполистеріндегідей Астана автобустары таңға дейін жолаушы тасымалдайтын болады. Жиында айтылған тағы бір жаңалық. Оқушыларды тасымалдаудың маршруттік жүйесі түзіледі. Ол үшін 45 жаңа мектеп автобустарын алу көзделіп отыр.

- Оқушылар автобусы дегенді байқаған боларсыздар. Бірақ олар біздің талапқа сәйкес келмейді. Сондықтан ол автобустарды алып, жаңалап, сәйкес келтіру керек болып тұр. Ең бірінші кезекте бұрынғы ескі автобустарды ауыстырады. Және де оған қосымша оқушылар қарастырылатын болады, дейді «Astana LRT» ЖШС маманы Әбдіхамит Тамабаев.