Астана қаласының бас жоспарын өзгерту қажеттілігі ЭКСПО-2017 көрме кешенінің, жаңа теміржол вокзалының, кіші айналма магистралінің, БРТ сызбасының және т.б. жобалық шешімдердің орнының өзгеруі, сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық пен оны өткізуге байланысты көлік және инженерлік инфрақұрылымын осы жобаға сәйкестендіру қажеттігінен туындады.
Осыған байланысты жобаны әзірлеушілер 10 - 12 ақпанда мемлекеттік органдардың өкілдері, тұрғындар мен қоғамдық ұйымдар арасында қоғамдық тыңдаулар өткізеді. 10 ақпанда «Алматы» ауданының әкімдігі, 11 ақпанда «Есіл» ауданының әкімдігі және 12 ақпанда «Сарыарқа» ауданының әкімдігі үшін тыңдаулар ұйымдастырылады.