Елорда халқының орташа жасы 30-да

Әкімнің айтуынша, күн сайын Астанада 45-50, жылына 20 мың сәби дүниеге келеді. Сонымен қатар елордалық отбасыларда мектеп жасына дейінгі 110 мың бала тәрбиеленіп жатса, ал 95 мың бала мектепке барады.

«Астанада 85 мыңнан астам студент оқиды. 29 жасқа дейінгі жастардың 140 мыңнан астамы жұмыс істейді», - деді әкім.


Белгілі болғандай, бүгінде қалада 14-29 жас аралағындағы жастардың саны қала халқының 30 пайызын құрайды. Ал болжамдарға сәйкес, 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 350 мыңнан асады деп күтілуде.