"Елорда кубогі": Жарыстың алғашқы күні Ұлттық құрама мүшелері түгел жеңіске жеткен

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шаршы алаңға шыққан ұлттық құрама мүшелерінің барлығы қарсыластарынан басым түсті. 

Олардың арасында Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаевтар бар. 

Сондай-ақ, жақында Қазақстан азаматтығын алған этникалық қазақ Аман Қонысбеков те құрама сапындағв алғашқы жеңісіне қол жеткізді.