”Елорда кубогы”: Сәкен Бибосынов финалға шықты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

48 келі салмақта Асхат Жүсіпов финалға шықты. Ол жапондық Казума Аратекемен кездесіп, алтын медальді сарапқа салады. 

Сондай-ақ, 51 келідегі Сәкен Бибосынов та турнирдің алтын медаліне таласады. Сәкен жартылай финалда тағы бір жапондық боксшы Макино Соушиді жеңді. 

Сәкеннің финалдағы қарсыласы - Дамир Әбдіқадыров.