«Мерейтойлық мерекелеу биыл әлемге әйгілі «Il Divo» квартеті ұсынған классикалық музыканың бірегей ноталарына толы болады, ол 7 шілдеде «Астана опера» жаңа опера және балет театрында өнер көрсетеді», - деді Т.Колбачаев.
Сонымен қатар, ол поп-опера өкілдерінің концерті қарсаңында «Астана опера» театралдық алаңының ашылуына орай классикалық музыканың тағы бір жұлдызды ұжымы - Лондон Корольдік филармониялық оркестрі өнер көрсететінін атап өтті.
Айта кету керек, «Il Divo» тобы - бұл классикалық опералық дайындығы бар, ең үздік коммерциялық табысты халықаралық поп-жоба ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енген орындаушылардың халықаралық квартеті.
Ұжым өз шығармашылығында ағылшын, испан, итальян, латын және француз тілдерінде әндер жазып, классикалық және поп-музыканы үйлестіре білу арқылы аты шыққан.
Ұйымдастырушылардың айтуынша аталған іс-шаралар кестесінде өзгерістер болуы мүмкін.