Елорда күнін тойлау аясында бірден 40 жұп некеден өтеді

«2 шілдеде 11 сағатта «Атамекен» этномәдени орталығының алдындағы алаңда қала күніне орайластырылған салтанатты неке қию рәсімі өтеді. 40 жұп некеден өткендігі туралы куәлік пен елорда күні мерекесіне арналған рәміздер алады», - делінген жұма күні таратылған хабарда.

Некеден өткен соң жас жұбайлар «Думан» ойынсауық орталығының алдындағы алаңда вальс билейді, деді орталықтағылар.