Елорда күніне орай Николь Шерзингер келеді

Бұл туралы Астана қаласының 15 жылдық мерейтойын ұйымдастырушы комитеттің медиатобы хабарлады.

Жыл сайын қала күніне орай Қазақстан және шетел жұлдыздарының қатысуымен өтетін бірегей «Асқақтай бер, Астана!» гала-концерті елорданың өзіндік бренді ретінде қалыптасып үлгерді.

Биылғы концерт «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Концертке отандық эстраданың танымал өнерпаздарымен қатар әлемдік жарық жұлдыздар қатысады деп күтілуде.