Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Зардап шеккен екі адамның жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Олардың бірі бас сүйек-мидың ашық жарақатымен Нұр-Сұлтан қаласының Темір жол ауруханасына жеткізілді», - дейді денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Ал зардап шеккен екінші адам бас сүйек-мидың жабық жарақатымен және күйікпен Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілген.
Еске сала кетсек, бүгін, 20 маусымда, сағат 10:00 шамасында
Ақмола облысының Целиноград ауданында әуе апаты болды. Ан-2 ұшағы құлап, салдарынан ұшқыш көз жұмды. Сонымен қатар экипаждың екі мүшесі зардап шеккен.