"Көркейту, санитарлық жағдай ережелеріне сәйкес 2004 жылы мәслихат шешімімен белгіленген қала аумағын тазалау және тазалығын қамтамасыз ету ұйымдары қаланың тұрғын үй аумақтарын жасыл желекпен жабдықтауы тиіс болатын. Алайда, іс жүзінде жергілікті атқару органдары құқықтық актінің көрсетілген талабына қарамастан аула аумақтарын көгалдандырудан қашқақтап кетті. Олар бұл проблеманы осылайша тұрғындар мен пәтер иелері кооперативтеріне қалдырды", - деді Д. Қаржаспаев.
"Бұл жерде аулалар мен аула маңы аумақтары кондоминиум нысандары ретінде рәсімделмейді. Және тиісінше, қаланың ортақ пайдаланытын жерлерінің қатарына жатады", - деп атап көрсетті ол.