Елорда тұрғыны 13 қабаттан үй жиһазын лақтырып жіберген

Астана тұрғыны ашу үстінде 13 қабаттың балконынан кітап шкафын лақтырып жіберген деп хабарлады елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.



Полиция мәлімет бергендей, оқиға наурыз айының соңында Сейфуллин көшесі 8 мекенжайында отбасылық жанжал кезінде болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпепті. Есімін атағысы келмеген қала тұрғыны құқық қорғау органдарына шағым түсірген. Полицейлер үй-үйді аралап, шкафты лақтырған 1976 жылы туған С. есімді азамат екенін анықтады. Азаматтың бұл әрекеті "Ұсақ бұзақылық" бабы ретінде қарастырылып, сот қаулысымен 10 АЕК айыппұл салынды.