Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Атасының туу туралы куәлігінде "ұлты" деген бағанда арғы атасы мен әжесі де "немістер" деп көрсетілген. Бұл, оның пікірінше, жақын туыстары неміс ұлтынан болғанын растайды.
Алайда, көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің 65-бабына сілтеме жасай отырып, жазбаша бас тартуды берген, оған сәйкес туған кездегі ұлты ата-анасының ұлтына қарай белгіленеді және тек өзге ата-ананың ұлтына өзгертілуі мүмкін.
Астана қаласының МАӘС-ы көші-қон қызметінің бас тартуын заңсыз деп танып, ведомствоның әрекеті Конституцияның және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына қайшы келетінін атап өткен.
Конституциялық Сот ұлттық және халықаралық заңнама нормаларын, сот практикасын және шетелдік тәжірибені зерделей келе, ұлтын анықтау тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруімен байланысты және тек шығу тегіне ғана емес, басқа да мән-жайларға негізделетінін атап өтті. Ұлт адамның ішкі еркіндігін көрсете алады және құқықтық мәнге ие болады.
"Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымын ескере отырып, ата-анасының ұлтын ғана емес, сонымен бірге басқа жақын туыстарының, баланы тәрбиелеп отырған адамдардың, сондай-ақ басқа да объективті және сенімді дәлелдемелерді ескеруге жол беріледі",- делінген ақпаратта.
Талап қоюшының жақын туыстары немістер болған, саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ұлтын өзгертуге мәжбүр болған. Талап қоюшы неміс қоғамдастығының қызметіне белсенді қатысады, неміс мәдениетін сақтауға және дамытуға үлес қосады. Оның ата-бабаларымен берік байланысын, өзінің этникалық ерекшелігін сақтауға ұмтылысын және істің мән-жайын ескере отырып, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту оның конституциялық құқықтарын бұзады деп тапты.
"Сот ІІМ Көші-қон қызметі комитетіне талап қоюшының ұлтын "беларусьтан" "неміс" ұлтына ауыстыру жөнінде мемлекеттік қызметті көрсету бойынша әкімшілік рәсімді аяқтауды міндеттеді",- деп қорытындылады сот.