Елордада 15 жыл бойы салынып жатқан үй бұзылатын болды

Бұл туралы елорда әкімі 21 тамызда болған Nur Otan саяси кеңесі кеңейтілген отырысының кулуарында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сіз сұрап отырған нысан бойынша, үйге демонтаж жасау керек. Қазір құжаттарды дайындап жатырмыз, кейін жаңасын саламыз. Үлескерлерге жаңа үй салып береміз", - деді Көлгінов 15 жыл бұрын салынып басталған тұрғын үйдің құрылысы жайлы сұраққа. 

Көпқабатты тұрғын үй кешені елорда орталығында 2004 жылдан бері салынып жатыр. Бірақ құрылыс әлі біткен жоқ. Нысан сол жағалаудың орталық көшелерінің бірінде орналасқан.  Бірнеше жыл бұрын бұл үй бітпеген нысандардың жәрмеңкесінде ұсынылған еді. Жәрмеңке тұрғын үйлердің құрылысын бітіруге дайын инвесторлар үшін өткен.