Елордада 8 елдің үздік цирк майталмандары өнер көрсетпек


Осымен тоғызыншы мәрте өтетін мерекелік циркке халықаралық деңгейдегі үздік шеберлер атсалыспақ. Биылғы қойылымның басты ерекшелігі сол, Астанада тұңғыш рет керік пен мүйізтұмсық өнер көрсетеді. Сондай-ақ үйретілген аюлар мен маймылдар да манежге шығады.

Ерік Жолжақсынов, Астана циркінің бас директоры: - Адам мен жануарлар арасында қарым-қатынас пайда болады. олардың айтқан сөзді түсінеді, ал біз оларға мән бермейміз. Олар да адам сияқты. Сүйіспеншілікті балалардың жануарға деген, тіпті, ересек адамдардың жануарларға деген сүйіспеншілігі циркте ғана пайда болады.