Елордада «Әлем» атты балеттің премьерасы өтеді


Қойылымның қоюшы-хореографы белгілі ресей балетмейстері Никита Дмитриевский.

 Қазіргі уқытта қойылымды дайындау жұмыстары қызу қарқынмен жүруде.

«Барлық балериналар өте тартымды және әртүрлі, өте қажырлы, толық қайтарыммен жұмыс істейді. Бұл үлкен  ұжымдық жұмыс болғандықтан біздер бір-біріміздің пікірімізге құлақ асамыз, бұл ерекше маңызды»,-дейді қоюшы-хореограф.

Никита Дмитриевскийдің соны хореографиясы  өзекті әлемдік үрдістер мен  қазақ би мәдениетінің дәстүрлі әуенінің нәзік, сезімтал синтезіне айналды. Мультимедия саласындағы Ресейдің жетекші мамандарының бірі Леонид Басин спектакльдің бейнелік тұжырымын да  Қазақстанның бай мәдениетінің ерекшеліктерін есепке ала отырып жасады. Әуенін этно-композитор Болат Ғафаров, либреттоны белгілі ақын, сценарийші Бақыт Қайырбеков жазды.