Бұдан басқа, Zumba және дәстүрлі джиу-джитсу жаттығуларына қатысуға болады. "Студенттік" саябақта аталған бағыттардан басқа тай боксынан жаттығулар ұйымдастырылады. Ашық аспан астындағы жаттығулар жаз бойы "Астаналық", "Жерұйық" және "Студенттік" саябақтарда әр жексенбі сайын сағат 10:00-13:00 аралығында өтеді. Халықты салауатты өмір салтын ұстануға және дене шынықтырумен айналысуға тартуға бағытталған "Fitness Park Astana" спорттық-бұқаралық шарасы екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.