Елордада дабылды ескерту жарияланды

Астанада қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Sputniknews Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне сілтеме жасап. 

"Астанада желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді, боран соғып, қар жауады", — делінген таратылған дабылды ескертуде.

Бұдан бөлек, елордада аз уақытқа күн жылынуына байланысты көктайғақ болады, сол себепті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге мұқият жүру ескертілген.


Бүгін түстен кейін Астанада оқушылар мен колледждің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайтын болды.