Студенттік лиганың алғашқы маусымы 12 мамырға дейін жалғасады. Турнир Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спортзалында бастау алады, ал ақтық кездесулерді Назарбаев университетінде өткізу жоспарланған.
Жарысқа «Астана» медицина университетінің, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің, «Тұран-Астана» университетінің, Қаржы академиясының командалары, сондай-ақ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Назарбаев университетінен екі-екі командадан қатысады. Әр командада 18 жуық студент ойнайды.
- Астанада студенттер арасында футболдан турнирлер жиі өткізіледі. Астана Футбол федерациясының мақсаты - Студенттік лиганы жаңа сапалы деңгейге көтеру. Кездесулерде қазақстандық Премьер-лига мен Қазақстанның Бірінші лигасында жұмыс істеген арбитрлар төрешілік етеді, - деді Астана Футбол федерациясының менеджері Ерік Чинчалинов.