Елордада генерал Панфилов атындағы аллея ашылады

Панфиловқа арналған ескерткіш 2015 жылдың 7 мамырында ресми түрде ашылмақ, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нысанның авторлық құқығының мүліктік құқығы Ринат Әбеновке тиесілі.

Генерал Панфиловқа арналған ескерткіштің ортасында гүл шоқтарын қоюға арналған тақта орнатылады. Ескерткіштің ұзындығы - 2,5 метр. Монумент қоладан құйылған. Одан өзге, КСРО батырының алтын жұлдызы бар 28 стелла жасалды. Ескерткіштің шығыс бөлігінде аллеяның бойында қаза тапқан 28 жауынгерге арнап табиғи граниттен естелік тақтайшалар қойылады.

Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, аллеяға қарасты аумақты абаттандыру үшін көгалдандыру, шағын архитектуралық пішіндер орнату, 2 үлкен прожектор мен 16 шам орнату көзделген.